Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің жол жүру мәдениетін арттыру мақсатында «Үлгілі жүргізуші – 2026» акциясы өткізілді.
Акция аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, көлік жүргізу мәдениетін үлгі етіп жүрген азаматтарды марапаттады.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтайтын, өзге жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарайтын және жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын жүргізушілерге алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар табысталды.
Акцияның негізгі мақсаты – жүргізушілер арасында жол жүру мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.
Полиция қызметкерлері әрбір жүргізушінің жолдағы жауапкершілігі мен тәртіпті сақтауы – ортақ қауіпсіздіктің кепілі екенін атап өтті.