ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында отын жеткізу бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді.
Аталған игі шараның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек қолын созып, қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етілуіне қолдау білдіру.
Қайырымдылық пен жанашырлық – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Осындай игі бастамалар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, өзара көмек пен қамқорлықтың маңызын арттыра түседі.
Жақсылық жасау – әр азаматтың азаматтық парызы!