ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданындағы «Мақтаарал» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру шараларына арналған жиын өтті.
Жиынды Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Адилхан Айдарханұлы Тұрсынханов жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Басқосу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер жөнінде мазмұнды баяндамалар жасалды.
Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сәкен Аралбайұлы Мажинбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология және химия кафедрасының доценті Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті Ермек Балқыбекұлы Бекбосынов және Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Құрмет Балқыбекұлы Керімбеков өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Спикерлер Жолдауда көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтар, қоғамдық жаңғыру және мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың маңызы жөнінде пікір білдірді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Ашық форматта өткен пікір алмасу барысында Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруда қоғамның белсенділігі мен ортақ жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.
Басқосуды жиын модераторы қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1329437?lang=kk