Тифлотехникалық құралдар – көру қабілетінің бұзылуы салдарынан мүгедектігі бар адамдардың жоғалған мүмкіндіктерін түзетуге және орнын толтыруға арналған құралдар.
Қамтамасыз ету тәртібі
Мүгедектігі бар адамдарды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне және өтінішіне сәйкес, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде жүзеге асырылады.
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2. Жұмыс берушіні банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы;
3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – проактивті қызмет;
4. «Электрондық үкімет» веб-порталы – www.egov.kz.
Өтінішті қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріне мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар жіберіледі:
1. Жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2. Мүгедектіктің белгіленуі туралы;
3. АОЖБ-да көзделген іс-шаралар туралы.
Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар өтініш берген кезде қосымша мынадай мәліметтер сұратылады:
1. Мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2. Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру жұмыс берушінің кінәсінен болған жағдайда, жеке кәсіпкер жұмыс берушінің қызметін тоқтатуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы;
3. Жұмыс берушіні банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы.
Қосымша мынадай мәліметтер сұратылады:
1. мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2. еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынуына кінәлі жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуы не заңды тұлғаның таратылуы туралы;
3. жұмыс берушіні банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы.
Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету
Тифлотехникалық құралдар әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.kz арқылы немесе мемлекеттік сатып алу жолымен ұсынылады.
Жекелеген құралдардың түрлері мен саны
- сөйлеу шығару функциясы бар глюкометр жиынтығына кіретін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест-жолақтар – 300 дана;
- жіп сабақтағыштар – 3 дана;
- тігін инелері – 25 дана;
- бедерлі-нүктелі қаріппен жазуға арналған қағаз – 1500 парақ, кемінде бір жыл мерзімге.
Брайль әрпін үйрететін сөйлейтін өзіндік оқулық және Брайль бойынша құрастырмалы әліпби мүгедектігі бар адамға бір рет, өмір бойына беріледі.
Электрондық тифлотехникалық құралдар
Мына құралдардың біреуі ұсынылады:
- сөйлеу синтезі бар экранға қолжетімділік бағдарламалық қамтылымы орнатылған ноутбук;
немесе
- сөйлеу синтезі бар, ақпаратты Брайль әрпімен енгізу және шығару функциясы кіріктірілген портативті тифлокомпьютер.
Ноутбукты портативті тифлокомпьютерге немесе портативті тифлокомпьютерді ноутбукке ауыстыру бұрын берілген құралды ауыстырудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Құралдарды ауыстыру мерзімдері
Алған күннен бастап 2 жылдан ерте емес:
- тифлотаяқ;
- Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель.
Алған күннен бастап 5 жылдан ерте емес:
- оқитын машина;
- сөйлеу синтезі бар экранға қолжетімділік бағдарламалық қамтылымы орнатылған ноутбук;
- Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;
- бедерлі-нүктелі қаріппен жазуға арналған 1500 парақ қағаз;
- дыбыстық хабарлама және диктофон функциясы бар ұялы телефон;
- дыбыс жазбаларын ойнатуға арналған плеер;
- көру қабілеті төмен адамдарға арналған сағат;
- сөйлеу шығару функциясы бар термометр;
- сөйлеу шығару функциясы бар тонометр;
- сөйлеу шығару функциясы бар глюкометр және тест-жолақтар;
- жіп сабақтағыштар;
- тігін инелері;
сөйлеу синтезі бар, ақпаратты Брайль әрпімен енгізу және шығару функциясы кіріктірілген портативті тифлокомпьютер.