Биылғы жылдың 13 қарашасында Жарқайың ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда «Бірлік» спартакиадасына қатысты. Команда құрамында «Жарқайың аудандық мәслихаты аппаратының» ММ ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы А. Б. Шәкіров те бақ сынады.
Іс-шара ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, салт-дәстүрлерді сақтауға және ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Осындай спорттық шараларға қатысу салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға және ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге ықпал етеді.