Алматыда Үздік өрт-құтқару командасы таңдалды

Алматыда Үздік өрт-құтқару командасы таңдалды

 

Алматы ТЖД-да өрт сөндіру бөлімдері арасында "Үздік өрт сөндіру-құтқару командасы"атағына байқау өтті.

Қатысушылар авариялық-құтқару міндеттерін орындау кезіндегі іс-қимылдардың кәсіби дағдыларын, жылдамдығы мен үйлесімділігін көрсетті. Командалар жауынгерлік киіммен және жабдықты қолдана отырып сынақтан өтті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 4-МӨСШК, екінші орынды 20 — МӨСШК, үшінші орынды 21-МӨСШК иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды. Мұндай жарыстар Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің кәсіби дайындығын жетілдіруге және жоғары дайындықты қолдауға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1329429?lang=kk