Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі білім беру саласындағы ынтымақтастық пен дінаралық диалог мәселелерін талқылады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі білім беру саласындағы ынтымақтастық пен дінаралық диалог мәселелерін талқылады

Исламабад, 2026 жылғы 13 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Еркін Тұқымов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының тұрақты мүшесі, Съездің Ізгі ниет елшісі, Наровал университетінің ректоры, профессор Мұхаммад Зия-уль-Хақпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 6-7 қазанда Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысының қорытындысы бойынша қабылданған «Дін саласындағы жасанды интеллекттіні қолданудың этикалық кодексі», «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» және «Жазылмайтын дертке шалдыққан балалың құқықтары жөніндегі хартиясы» құжаттарын ілгерілету және іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты.

2026 жылғы ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы келісімдерді іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ 2027 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясында бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды ұйымдастыруға өзара мүдделілігін растады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1329261?lang=kk