Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпараттар тоқсан сайын аудан әкімі аппаратына ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері мүлтіксіз сақталып, мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «е-Өтініш» бағдарламасы бойынша тіркеледі, мерзімдерін сақтау қатаң бақылауда. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі әкімшілік ғимаратына көрнекі жерге ілініп қойылды. Осы кодекспен белгіленген негізгі тәртіп стандартын сақтау және имиджді жоғарлату басты назарда.
Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тұрғындарды тартып сауалнамалар жүргізілді. 2023 жылдың ІІ тоқсанында аппарат қызметкерлері, мекеме, ұйым басшылары қатысуымен ҚР-сы Президентінің 2022 жылғы ақпандағы №814 жарлығына қосымша ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылдың 23 қарашасындағы «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын кеңінен насихаттау туралы аппарат қызметкерлері, мекеме, ұйым басшылары қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында құқықтық оқу өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы талаптарын бұзудың алдын алу жұмыстары одан әрі жалғастырылуда.
Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББМ бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың білім деңгейін тексеру бағытында, «таза сессия» сауалнамасы өткізілді. «Заң талабы-заман талабы» тақырыбында сыныптан тыс шаралар 9-11 сыныптар арасында оздырылды. Бұл шарада оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық заңдарды қамтып өтті. Ата-аналарымызға да сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнамалар таратылды және баяндамалар оқылып, ата-аналарға түсінік жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасынан бастағаны абзал. Осы бағытта мектеп оқушыларына, бүлдіршіндерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты саналы түрде түсіндіру, ұғындыру үшін ауылдық ардагерлер кеңесі, әйелдер Кеңесімен бірге «Сыбайлас жемқорлықпен күресу–ортақ борыш» тақырыбында Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ мектебінде, «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымында кездесулер өткізді. Бұл кездесуде әр азамат елінің патриоты болып, өзгенің мүлкіне қол сұқпай, еліне- жеріне адал азамат болуы нақтырақ айтылды.
«Әділет» БПҰ мүшелерінің қатысуымен Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББ мектебінде «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерімен пікіралмасу өткізіліп, аталған тақырып жөнінде пікір алмасты. Қазіргі қоғамда болып жатқан сыбайлас жемқорлық факторларының болып жататынын, оның алдын алу үшін әрбір қызметкер өз ісіне адалдық танытса жемқорлықтың алдын алуға болатынын айтып өз пікірлерін жеткізді.
Одан бөлек мұғалімдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі сауалнамалар жүргізіп, іс-шаралар оздырылып отыратынын тілге тиек етті. Болашақта да осы тақырып күн тәртібінен түспейтінін алдағы уақытта да осы тақырып жөнінде бас қосуға келісіп тарасты.
Бас маман С.Қарашин