«Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында, сондай-ақ 10 қараша – Цифрландыру және цифрлық технологиялар жұмыскерлері күніне орай Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында цифрландыру және жасанды интеллект саласының өңірлік форумы өтті.
Форумға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысты.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде өңірдің цифрландыру саласының дамуына, заманауи технологияларды енгізуге және жасанды интеллект бағытындағы бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Форум аясында Орал ақпараттық технологиялар колледжінің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мамандығының 3-курс студенті Гурьев Илья спорттық бағдарламалау бағыты бойынша І орын иеленгені үшін арнайы марапатталды.Бұл – өңір жастарының IT саласындағы әлеуеті мен кәсіби шеберлігінің жарқын көрінісі.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Цифрлық дәуірдің дамуына үлес қосып жүрген барша сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Жас дарындарға толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!