Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Кирово ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 319-шы өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет жергілікті ЖШС базасында құрылып, Кирово, Ильич, Агроном және Кантемировское ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның жауапкершілік аймағында 800-ден астам адам тұрады.
Жергілікті атқарушы орган өрт сөндіру бекетін салуға және жабдықтауға қаражат бөлді. ТЖМ бөлімшеге өрт сөндіру автоцистернасын берді. Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, демалыс бөлмесі, ас үй және душы бар санитарлық торап жабдықталған. Нысан қатты отынмен жұмыс істейтін автономды жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілік атқаруына қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бекет қызметкерлері тиісті даярлықтан өтіп, тәулік бойы кезекшілікке кірісті. Жаңа бекеттің ашылуы өрт сөндіру бөлімшелерінің оқиға орнына жету уақытын қысқартып, тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе туристік маусым кезінде маңызды.