Адал еңбек – мемлекеттік қызметтің негізі

Адал еңбек – мемлекеттік қызметтің негізі
Білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жауапкершілікпен еңбек етіп, мемлекеттік қызметтің міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандардың бірі – Қайыпқалиева Гүлсана Серікқызы, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы әкімшілік және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы.
Гүлсана Серікқызы 1987 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы қазіргі Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінде бастаған.
🗂️ 2015 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында әкімшілік және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.
Мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі мен жинақтаған білімі Гүлсана Серікқызының білім беру саласындағы ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асыруына негіз болып келеді. Өз міндеттерін жауапкершілікпен атқару, кәсіби тәжірибесін жетілдіру және ортақ іске үлес қосу – мемлекеттік қызметтегі маңызды ұстанымдардың бірі.
Мемлекеттік қызмет – адалдықты, табандылықты және ел игілігі жолындағы жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1328215?lang=kk