Жамбыл облыстық кітапханасында 20 мыңнан астам мерзімді басылым цифрландырылды

Жамбыл облыстық кітапханасында 20 мыңнан астам мерзімді басылым цифрландырылды

Бүгінгі таңда заманауи технологиялар дамып, адам өміріне цифрлық үдеріс дендеп енді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет.
Осы тұста Мемлкет басшысының алға қойған нақты тапсырмалары аясында руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық берілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мекеменің заманауи көпфункционалды концептуалды моделін құрудың негізі болып айқындалған бағыттарының бірі – келешек ұрпаққа жеткізу мақсатта құжаттандырылған білімдер жиынтығының сақталуын қамтамасыз етілуінде негізделген кітапхананың мемориалдық функциясын атқару. Яғни, кітапхана өз қызметінде адамзат ғасырлар бойы жинаған және өңірде құрастырылып, осы аймақтың тарихи және мәдени дамуын көрсететін білімнің келешек ұрпаққа жеткізу мақсатта тиісті деңгейде сақталуы мен таратылуын қамтамасыз ету, жаңа қызмет түрлерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыру арқылы білімнің жаңартылуын қамтамасыз ететін, бірегей білім тіркелген жаңа форматтағы жаңа құжат жасау, пайдаланушылардың қолжетімділігін шектетпеуге мүмкіндік беретін цифрландыру жұмыстарын жүргізу арқылы кітапхананың электрондық кітап қорын құруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру, оның сақталуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Цифрландыру – бұл компьютерлік технология құралы мен құжаттарды алудың және сақтаудың тәсілі. Цифрлау көшірмесі дискілерде, сондай-ақ электронды дерекқорларда және электронды кітапханаларда сақталуы мүмкін. Кітапхана қорындағы құжаттардың көшірмесін жасау олардың мәңгілік болуына кепіл береді. Өйткені, әр цифрланған кітаптың қорғалған серверде, кем дегенде, бір көшірмесі болады. Және де, кітапты цифрлау - көп еңбек сіңіруді талап ететін жұмыс.

Сканерлеу технологиясын жасауға, цифрланған бейнені өңдеуге, оны сақтау  және кітапхана пайдаланушыларына, сонымен қатар қашықтағы пайдаланушыларға электронды көшірмелердің қолжетімділігін ұйымдастыруға уақыт қажет. Осы бағытта атап айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, шығармаларының электронды көшірмелерін жасау жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінге күнге дейін кітапхана қызметкерлері 65 жергілікті ақын-жазушымен авторлық келісімшартқа тұрып, олардың 157 шығармасының электрондық көшірмелерін жасады.

Аталмыш келісімшарт арқылы кітапхана өнер, ғылым және әдебиет туындыларын пайдалану құқығына ие болды. Яғни авторлық құқықтың бірден бір әрі толық құқылы иесі бола отырып, жергілікті ақын-жазушылар өз туындыларының сканерлеу жолымен жасалған электронды көшірмелерін дайындау және облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының электронды депозитарийіндегі Е-көшірмелерді тұрақты сақтау құқығына ие болды. Сөйтіп, кітапхана мәліметті жалпыға бірдей жеткізу қызметіне қол жеткізіп, туындылардың электронды көшірмелерін пайдаланушыларға ұсынуда.

Сонымен қатар, көп бөлігі отандық және әлемдік ғылым мен мәдениеттің өзіне тән кітап ескерткіштері болып табылатын, ерекше құнды басылған шығармалардан, бірегей кітап коллекцияларынан тұратын (библиографиялық сирек басылымдар жинақталған) ерекше сақталатын кітапхана қорының бір бөлігі - депозитарлық сирек кездесетін басылымдар қорындағы кітаптарды цифрлау мақсатында «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрлау» жобасы аясында кітаптардың электронды нұсқасы жасалынуда. Бүгінгі таңда цифрланған басылымдар саны 363 дана.

«Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесі арқылы еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қордағы сирек кездесетін кітап қорынан 893 дана басылымды цифрландырып, ұлттық электрондық кітапханаға жіберді. Оның 363 данасы – сирек басылымдардың электронды нұсқалары.

Құжаттарды цифрлау кітапхана қорларын сақтау үшін барлық қажеттіні жасауға; ұлттық бөлігі ретінде аймақтық цифрланған мәдени мазмұнды қалыптастыру және сақтауға; аз данадағы, ескірген жағдайдағы құнды кітапхана қорларын электронды түрде сақтауға; электронды коллекциясын жасауға; мәдениет және білім бойынша ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз етуге, оларды білім процесіне енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, осы жоба аясында сирек кездесетін кітаптарды цифрлы түрге көшіру арқылы Ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында осы сирек басылымдардың электронды көшірмелері Ұлттық электронды кітапханасының қорына енгізілген.

Сонымен бірге кітапхананың веб-сайтындағы арнайы «Оқу» бөлімінде «Әдеби әлем» айдарында жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары мен 1949 жылға дейін жарық көрген басылымдардың 305 данасы енгізілген. Осы айдар арқылы көсетілген жергілікті ақын-жазушылардың шығармалар тізімініне енгізілген әрбір шығарманы жүктеу арқылы еркін онлайн оқу мүмкіндігі жасалған.

Қазақстан мәдени мұрасының бөлігі ретінде Жамбыл облысынан шығатын мерзімді басылымдардағы құжаттық мұраларын сақтау  және кітапхананың өлкетану қорын пайдаланушыларға кең көлемде қолдануға мүмкіндік беру, мәтін бойынша іздестіруге, қызығушылығы басым пайдаланушылардың бірегей басылымдарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында кітапхана қызметкерлері «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобасы аясында да жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Түрлі бағытта (Жамбыл облысының тарихы, экономикасы, мәдениеті, тарихи-мәдени ошақтары, белгілі тарихи тұлғалар, ҰОС және Ауған соғысының ардагерлері және т.б. тақырыптар аясында) жергілікті мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалардың электронды көшірмелері (бүгінгі таңда 1900-ден астам мақала) өңірлік толықмәтінді электронды дерекқорға жинақталып, аталмыш дерекқор да кітапхана сайтына орналастырылған.

Бүгінгі күнде топтамадағы көне құжат -  1957 жылғы, ал ең соңғысы – 2017 жылғы. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде. Әрбір дана өзіндік жеке сипаттамаға ие.

Тағы бір жобаға тоқтала кетсек, кітапхана Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыру, облыс басылымдарындағы  жинақталған  деректермен, жаңа ақпаратпен қаруландыра отырып, пайдаланушыларды мағлұматтармен кеңінен таныстыру, өлкемізге байланысты мерзімді басылымдарды электрондық форматқа көшіру, кітапхана жаздырып алатын өлкетану бағытындағы облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдардың электронды қорларына кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету және Жамбыл облысынан шығатын мерзімді басылымдардағы құжаттық мұраларын сақтау  және кітапхананың өлкетану қорын пайдаланушыларға кең көлемде қолдануға мүмкіндік беру мақсатында «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобасын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында 20931 дана  мерзімді басылымдар цифрланды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1328212?lang=kk