V ӨҢІРЛІК ITU HACKATHON-2026 БАСТАЛДЫ!

V ӨҢІРЛІК ITU HACKATHON-2026 БАСТАЛДЫ!

Идеяң бар ма? Оны нақты жобаға айналдырып, өз мүмкіндігіңді көрсететін уақыт келді!

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде V өңірлік ITU HACKATHON-2026 өтеді!

Биылғы хакатонның басты ерекшелігі – BCC Bank ұсынған нақты кейс бойынша технологиялық шешім әзірлеу.

ХАКАТОН ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

6–20 қараша – командаларды тіркеу және жобаларды қабылдау.

21–26 қараша – жобаларды онлайн іріктеу.

27 қараша – 3 желтоқсан – финалистерге менторлық қолдау, воркшоптар мен тәжірибелік кездесулер ұйымдастыру.

4 ЖЕЛТОҚСАН – ҮЛКЕН ФИНАЛ!

Іріктеуден өткен үздік 15 команда өз жобаларын сарапшылар мен банк өкілдерінің алдында қорғайды.

Команда құрамы: 1–5 қатысушы.

СЕНІ НЕ КҮТЕДІ?

* Нақты банк кейсімен жұмыс істеу;
* Тәжірибелі IT мамандардан кеңес алу;
* Жаңа білім мен пайдалы таныстықтар;
* Өз идеяңды көпшілікке таныстыру мүмкіндігі.

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 1 000 000 ТЕҢГЕ.

Бұл – өзіңді сынап, жаңа деңгейге шығуға тамаша мүмкіндік!

Идеяңды жүзеге асыр, командаңды жина және IT әлеміндегі өз жолыңды баста!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1328207?lang=kk