РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Республика күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов аймақ басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтап, марапат иелеріне ізгі тілегін білдірді.
Мемлекеттік наградаға ие болған азаматтардың қатарында білім саласының өкілдері де бар.
🏅 Дмитриев Алексей Александрович – ардагер ұстаз.
🏅 Сүлейменов Самиғолла Закарияұлы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» жобалау және құрылыс бөлімінің басшысы.
🏅 Жұмагулов Серікбай Ермақұлы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Шыңғырлау колледжі» директоры, физика пәнінің мұғалімі.
Үш азаматқа да ел игілігі жолындағы ерен еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
Марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1328202?lang=kk