АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Ақжайық ауданына жұмыс сапары барысында Чапаев ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясына барды.
Сапар барысында мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, білім беру үдерісінің ұйымдастырылуына, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жылыту маусымының өту барысына назар аударды.
Сонымен қатар мектептің материалдық-техникалық жағдайы, ғимараттың жай-күйі және білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қаралды.
Білім беру ұйымдарына бару және мәселелерді анықтау – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасаудың маңызды бағыттары.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1328199?lang=kk