Ескелді ауылдық округінің тарих пәнінің мұғалімі Құмарбекқызы Қатира аудандық практикалық семинар аясында «Тарих сабақтарындағы карталар, инфографика және статистикалық деректерді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізді.
Семинар барысында әріптесіміз өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін тиімді қолданудың жолдарын көрсетті. Озық іс-тәжірибесін аудан көлемінде таратқаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!