Прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және Бас прокуратураның «Айқын нәтиже» жобасы аясында Қарасай ауданының прокуратурасы Сүлейман Демирел университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға сот және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, кәсіби тәжірибелерімен және қызмет барысында орын алған оқиғалармен бөлісті.
Ашық диалог форматында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және жастардың жеке жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Әсіресе, ойланбай жасалған әрекеттердің салдары мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.