ЭКОФАКТ: Неліктен қыста ауаның ластану деңгейі артады?

ЭКОФАКТ: Неліктен қыста ауаның ластану деңгейі артады?

Қыс мезгілінде атмосфералық ауаның ластану деңгейі бірнеше себепке байланысты артуы мүмкін:

- Жылыту: ЖЭО-ларда, қазандықтарда және жеке тұрғын үй секторында көмір мен басқа да отын түрлерін жағу көлемі артады.
- Автокөлік: суық ауа райында қозғалтқышты іске қосу кезінде ластаушы заттардың шығарындылары көбейеді.
- Температуралық инверсия: ластаушы заттардың атмосфераның жер бетіне жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
- Желдің әлсіздігі: ластаушы заттардың атмосферада таралуы баяулайды.

Қалаларда қандай шаралар қабылдануда?

- Жылыту жүйелерінің экологиялық тиімділігін арттыру: экологиялық тұрғыдан неғұрлым таза отын түрлеріне көшу, газдандыруды дамыту және жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту.
- Өнеркәсіптік шығарындыларды азайту: заманауи технологияларды енгізу және газ тазарту жабдықтарының тиімділігін арттыру.
- Экологиялық таза көлікті дамыту: қоғамдық көлікті жаңарту, электробустарды енгізу және электр көлігіне арналған инфрақұрылымды дамыту.
- Ауа сапасын бақылау: атмосфералық ауаға тұрақты мониторинг жүргізу және ластау көздеріне бақылауды күшейту.
- Қалаларды көгалдандыру: жасыл аймақтар құру, ағаш отырғызу және қалалық орман-саябақ аумақтарын дамыту.

Басты мақсат — ластаушы заттардың шығарындыларын азайту, атмосфераның ластану деңгейін төмендету және тұрғындар үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыру.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1326966?lang=kk