Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерін анықтады.
Жергілікті Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпеген және іске асырылуы мүмкін емес жобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды.
Бұдан бөлек тапсырыс беруші 27 млн теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.
Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісімен прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тергеп-тексеруді Алматы қаласы ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер таратуға жатпайды.
Алматы қаласының прокуратурасы