93 мыңнан астам үй ерекше бақылауда: Қазақстанда тұрғын үй секторында өрттің алдын алу күшейтілуде

93 мыңнан астам үй ерекше бақылауда: Қазақстанда тұрғын үй секторында өрттің алдын алу күшейтілуде

2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстанда бір жыл бұрынғыға қарағанда өрт оқиғалары 16%-ға аз тіркелген. Қаза тапқандар саны 6,4%-ға, жарақат алғандар саны 26%-ға азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов баяндады.

Спикердің айтуынша, жылыту кезеңіндегі өрттердің 55%-дан астамы тұрғын үй секторында, негізінен жеке үйлерде болады. Негізгі себептер – электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (39,2%), пешпен жылыту (29,6%) және отқа салғырт қарау (11,5%).

Тұрғын үй секторындағы тәуекелдер тобының профилактикасы кезінде әлеуметтік жағдайы осал азаматтардың үйлеріне баруға баса назар аударылған – осы санатта бүгінде 93 мыңнан астам үй есепте тұр. Тамыз айынан бері 6,1 мың түтін мұржасы тазаланды, 3,1 мың пеш және 3,4 мың электрмен жабдықтау жүйесі жөнделді, 13 мыңнан астам өрт датчигі орнатылды.

Зейнеткерлер үйінде өрт қаупін анықтау және жою бойынша «Ата-анаңның үйін тексер» акциясы қолға алынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1326954?lang=kk