🏆 «ЖЕТЕКШІ МЕН ТӘЛІМГЕР: ТАБЫСТЫҢ ТҰҒЫРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР
Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 22–23 қазан күндері «Мобильді бірлестік» әдістемелік қауымдастығының пән жетекшілері арасында «Жетекші мен тәлімгер: табыстың тұғыры» облыстық байқауы оздырылды.
Байқау мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары мен қазақ тілі мұғалімдері арасында ұйымдастырылып, жетекші мен педагогтің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, нәтижелі тәлімгерлік тәжірибені анықтауға және озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға бағытталған.
Байқау бағдарламасы «Lesson Show» ұйымдастырылған іс-әрекеті, «Кәсіби тандем» жетекші мен тәлімгердің бірлескен таныстырылымы және «Тәлімнен тағылым» шеберлік сыныбы кезеңдерін қамтыды.
🏅 Байқау қорытындысы бойынша:
🥉 Қазақ тілі мұғалімдері арасында III жүлделі орын – З.С. Самат пен М.В. Халит алса;
📜 Дене шынықтыру нұсқаушылары арасында «Тәлімгерліктің үздік нәтижесі» номинациясы – В.И. Имангалиева мен Е.Ә. Талғатов;
📜 Музыка жетекшілері арасында “Үздік кәсіби тандем” номинациясы - Б.М.Джанузакова мен Р.О.Бауова марапатталды.
👏 Жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби ізденістеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және жаңа белестерді бағындыруға тілекшіміз!💐