АУДАН ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ
Ауа-райының күрт өзгеруі мен табиғи қолайсыздықтардың алдын алу, төтенше жағдайлардың орын алу қаупін барынша азайту – күн тәртібінен түспейтін маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта аудан аумағындағы коммуналдық қызметтердің әзірлігіне ерекше көңіл бөлінуде.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов қолайсыз ауа-райы жағдайларында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында коммуналдық сала қызметтерінің дайындығын зерделеді.
Тексеру барысында су сорғы насостарының жарамдылығы мен әзірлігі, инерттік материалдардың жеткілікті қоры, арнайы техникалардың техникалық жағдайы, мамандардың кез-келген уақытта жедел әрекет етуге дайындығы назарға алынды.
Аудан әкімі жауапты сала өкілдеріне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтардың тұрақты жұмысқа дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырып, ықтимал қауіп-қатерлерге бейжай қарамай, алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Коммуналдық қызметтердің үйлесімді жұмысы, техникалық базаның дайындығы мен мамандардың шұғыл әрекеті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.
Басты мақсат – қандай жағдай болмасын, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, табиғи қолайсыздықтардың салдарын болдырмау, барынша азайту» дейді аудан басшысы.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі