Түркістан облысындағы кеніште оқу дабылы өткізілді

Түркістан облысындағы кеніште оқу дабылы өткізілді

Персонал мен авариялық-құтқару қызметінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындаудағы дайындығы пысықталды.

Қауіпсіздік – басты назарда. Оқу дабылы барысында аварияны жою кезіндегі персонал мен авариялық-құтқару қызметінің іс-қимылдары бағаланды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторының қатысуымен 2026 жылғы 30 қазанында “Ақбастау” БК” АҚ “Құланды” кенішінде жоспардан тыс кәсіби авариялық құтқару қызметімен өткізілген “№ 3 учаскенің модульдік қазанындағы өрт” тақырыбында оқу дабылы ұйымдастырылды.

Оқу-дабылы барысында персонал мен авариялық-құтқару қызметінің іс-әрекеті, авария кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың жай-күйі және оларды қолдану барысындағы тиімділігі жан-жақты талқыланды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін аварияларды жою жоспары мен қызметкерлердің дайындық деңгейі сараланып, тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1326947?lang=kk