Қазақстан Лондонда Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды

Қазақстан Лондонда Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Лондонда өткен London FWD іс-шарасы аясында Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды. Іс-шара Coursera және Udemy жетекші білім беру технологиялық платформаларын, сондай-ақ Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (EMEA) елдеріндегі негізгі серіктестерді біріктірді.

Марапаттау рәсімінде сондай-ақ халықаралық EY консалтингтік компаниясы, Ұлыбританияның Nationwide банкі және Италияның bIP технологиялық консалтингтік компаниясы марапатталды. Coursera компаниясының бас директоры Грег Харттың (Greg Hart) жетекшілігімен өткен іс-шараға цифрлық білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау бағытында жұмыс істейтін жетекші халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Қазақстан бұл марапатқа халықаралық онлайн оқытуды жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау, сондай-ақ қазіргі экономикада сұранысқа ие цифрлық құзыреттер мен жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамыту бағытындағы жетістіктері үшін ие болды. Қазақстан мен Coursera арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы басталғаннан бері бірлескен бастама ұлттық жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың стратегиялық маңызды бағыттарының біріне айналды. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1326946?lang=kk