“ШЕКСІЗ ӘЛЕМ”– ШЕКСІЗ ТАЛАНТ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖЕҢІС!

“ШЕКСІЗ ӘЛЕМ”– ШЕКСІЗ ТАЛАНТ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖЕҢІС!

“ШЕКСІЗ ӘЛЕМ”– ШЕКСІЗ ТАЛАНТ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖЕҢІС!

     Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған облыстық «Шексіз әлем» байқауында Сырым ауданының оқушылары жүлделі орын мен марапатқа ие болып, аудан мерейін асқақтатты!
    Өнер мен шығармашылықтың шекарасы жоқ екенін дәлелдеген жас таланттарымыз өздерінің ерекше қабілеттері мен шеберліктерін танытып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
    “Шебер қол – өнер көзі” номинациясы бойынша Бұлан мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Сұлтан Әлазим алғыс хатпен марапатталды.
    “Шексіз қиялдағы туған жер” сурет салу бағыты бойынша Сырым мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Жарқынғали Аян жүлделі ІІІ орынға ие болды!
     Жас дарындарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың әрбір жетістігі – табандылықтың, шығармашылық ізденістің және қолдаудың жемісі.
      Оқушыларымызға қолдау көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосқан ұстаздарына алғыс білдіреміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1326944?lang=kk