Облыс бойынша 2026 жылғы 10 айда республикалық бюджеттен 302 391 адамға жалпы сомасы 208,3 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2025 жылғы 10 айында 296 750 адамға жалпы сомасы 183,2 млрд. теңге төленген).
Оның ішінде зейнетақы төлемдері 92 877 адамға сомасы 127,7 млрд.теңге, жәрдемақы төлемдері 139 904 адамға сомасы 80,5 млрд.теңге төленген. (2025 жылғы зейнетақы төлемдері 89 209 адамға сомасы 110,6 млрд.теңге, жәрдемақы төлемдері 142 229 адамға сомасы 72,6 млрд.теңге төленген).
Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 16 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 97 182 іс-макеттері бекітілді. (өткен жылғы 10 айда 100 864 болып, 3682-ге немесе 3,6 % азайған).
Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 44 587 жаңадан рәсімделді. (өткен жылғы осы кезеңде 48 327 болып 3 740-ке немесе 7,7 % азайған) .
Аталған кезеңде 52 595 іс-макеті қайта қаралды. 2025 жылғы 10 айында бұл көрсеткіш 52 537 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 58-ге немесе 0,11 % көбейген.
1289 іс-макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған (2025ж. 10 айда 2445 іс бойынша тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 1156 немесе 47,2 % азайған.
Тағайындаудан бас тартуға 1137 іс (88,2%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.
Қалғандарына 152 (11,8%) іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.
2490 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 2187-жаңадан тағайындалған, 303 қайта қаралған зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 2,5 % құрады (97182).
Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (2 156) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (291), қалғаны (43) басқа төлемдер.
2025ж. 10 айында 2076 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 2,1 % құрады (100 864).
Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1744) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (159), қалғаны (173) басқа төлемдер.