Ө. ҚҰСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ! 🧮✨

Ө. ҚҰСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ! 🧮✨

Ө. ҚҰСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ! 🧮✨
📐 Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ө. Құспанов атындағы жас мамандарға арналған аудандық математика олимпиадасы өткізілді.
🔹 Олимпиада екі бөлімнен тұрды:

•    «Бір тақырып, екі шешім»

•    «Математикалық олимпиада»

Байқау барысында жас педагогтер өздерінің білім-білігін, логикалық ойлау қабілеттерін және кәсіби әлеуеттерін көрсетт. 
🏆ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:
🥇І орын – Қ. Мырзалиев ат. ЖОББМ мұғалімі Тасменова Аякөз Аманжолқызы;

🥈 ІІ орын – А.Жұмағалиев ат.МББК мұғалімі Алдабергенова Жауқазын Серікқызы;
🥈 ІІ орын – Абай МББК мұғалімі Куткожина Гулнур Нуршатовна;                                                                                                                                                                                                    🥉 ІІІ орын – Аралтөбе ЖОББМ мұғалімі Абдешова Анель Альфредовна.
👏 Олимпиадаға қатысқан барлық педагогтерге белсенділіктері, ізденістері мен кәсіби ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз!
🌟 Облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпазымызға сәттілік тілейміз! Білім бәсекесінде биік белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
Білімді ұрпақ – білікті ұстаздан, ал білікті ұстаз – үздіксіз ізденістен басталады!💐

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1326932?lang=kk