ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП НҰРЛЫБЕК БАХТИЯРОВ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП НҰРЛЫБЕК БАХТИЯРОВ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП НҰРЛЫБЕК БАХТИЯРОВ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
 
Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Жетісай қаласының тұрғындары өз таңдауларын жасап, демократиялық жолмен қала әкімін сайлады. Сайлау ережесіне сәйкес халықтың арасында кездесулер өткізіп, алдағы жылдары жұмыс істеуге бағытталған бағдарламалары, үгіт-насихат жұмыстары жұртшылықтың көңілінен шыққан Бахтияров Нұрлыбек Пердебекұлы қала әкімі болып қайта сайланды.
 
Осынау саяси додада жеңіске жеткен Нұрлыбек Бахтияровқа Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытов пен Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Серіков сайлау комиссиясының шешімі мен қызметтік куәлігін табыс етті.
 
Қала активі мен мекеме басшылары қатысқан шарада аудан басшысы қаладағы әлі де болса шешімін күткен бірқатар мәселелерді шешуді, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бұдан да жоғарылатуды, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелендіру мен бұқаралық спортты дамытуды, қала көшелері мен көпшілік орындарды абаттандыруды тапсырды. Алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1326929?lang=kk