Ақтөбе облысының үш спортшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақтөбе облысының үш спортшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XX жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген спортшылармен кездесті.

Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткен бірқатар спортшыға мемлекеттік наградалар табыстады.

Марапатталғандардың қатарында Ақтөбе облысының үш спортшысы бар:

Ерлік Сертай — семсерлесуден ерлер арасындағы командалық жарыстағы алтын медалі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Еркінғали Бүркіталин — аралас жекпе-жектен (ММА) алтын медаль иегері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қадырбек Шынбаев — аралас жекпе-жектен (ММА) алтын медаль иегері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік наградалар — спортшылардың табанды еңбегі мен жоғары шеберлігінің, сондай-ақ ел спортының халықаралық аренадағы абыройын арттыруға қосқан үлесінің лайықты бағасы.

Жерлестерімізді жоғары мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз! 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sport/press/news/details/1326928?lang=kk