Полковник Еркін Отарғалымұлы отандық SEMAZ өндірушісі шығаратын арнайы техникаларға арналған шанақ үстіңгі құрылымдарын дайындайтын SMG зауытына барды.
Сапар барысында ТЖД бастығы өндіріс барысымен танысып, өрт сөндіру техникасын қарап шықты.
Сондай-ақ техниканың техникалық жай-күйіне, жинақталуына және пайдалануға дайындығына назар аударды.
Мұндай кездесулер отандық өндірістің мүмкіндіктерін бағалауға, сондай-ақ ТЖД бөлімшелерін заманауи әрі сенімді өрт-құтқару техникасымен қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беруге мүмкіндік береді.