Қазақстанда 313-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 313-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Қаратоғай ауылында «Ауыл құтқарушылары» жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол 460 тұрғыны бар ауылдың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бір қабатты ғимарат қызмет атқаруға қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етілген. ТЖМ жаңа бекетке өрт сөндіру автокөлігін бөлді. Сонымен қатар бөлімше жауынгерлік киіммен және байланыс құралдарымен жабдықталды. Жеке құрам 9 адамнан жасақталған. Ғимаратта диспетчерлік бөлме, демалыс және тамақтану бөлмелері, санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.

Іс-шара барысында Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Жанна Әбденова жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуына және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1326918?lang=kk