НҰРЛАН ӘБДІРОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

НҰРЛАН ӘБДІРОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

7-9 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық аясында инспекциялық сапармен Маңғыстау облысында болды.

Жұмыс сапары аясында Нұрлан Әбдіров Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарының өкілдерімен, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары қызметін үйлестіру, сондай-ақ алдағы сайлау науқанына ұйымдастырушылық тұрғыдан дайындықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар сайлауға дайындық барысында туындайтын мәселелерді уақытылы шешуге және сайлау процесіне қатысушылардың барлығының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

«Елімізде мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің еліміздің барлық өңірлеріне жұмыс сапарын бастады. Біздің жұмысымыз инспекциялық сипатқа ие, яғни жергілікті жерлердегі сайлауға дайындық деңгейін тексереміз. Кеңестер барысында мемлекеттік органдар, ішкі істер, прокуратура, төтенше жағдайлар органдары басшыларының, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы өкілдерінің баяндамалары тыңдалады. Қазіргі уақытта жұмысты дұрыс бағытта ұйымдастырып, сайлауға дейін дайындықты тиісті деңгейде қамтамасыз ету маңызды», - деп атап өтті ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.

Сапар барысында Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовпен бірге облыс аудандарында орналасқан бірқатар сайлау учаскелерін аралады. Атап айтқанда, олар Қарақия ауданының Жетібай ауылында орналасқан №9 округтік және №154 учаскелік сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыс орталығында орналасқан №4 округтік және №44, №45 учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.

Кездесулер барысында түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының өзара іс-қимылы, дауыс беруді өткізуге ұйымдастырушылық дайындық, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сапар аясында округтік сайлау комиссиясының дайындығына да баса назар аударылды. Осы орайда өңірдің аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Іс-шараға 133 адам қатысты. Семинар аясында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты өзекті мәселелер, сайлау процесінің негізгі кезеңдері, сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттіктері мен міндеттері, сондай-ақ сайлау заңнамасы нормаларын қолданудың практикалық аспектілері қаралды. Сайлау науқанының барлық кезеңдерінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ белгіленген рәсімдердің сақталуы мәселелеріне ерекше ден қойылды.

Мұндай инспекциялық сапарлар жергілікті жерлердегі сайлауға дайындық барысымен танысуға, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастырудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Маңғыстау облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге барлығы 393 сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Оның ішінде 8 аумақтық, 118 округтік және 267 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Сайлау комиссиялары мүшелерінің жалпы саны - 2 475 адам, ал өңірдегі сайлаушылардың саны 455 мыңнан астам адамды құрайды.

Шымкент қаласына жасаған инспекциялық сапары аясында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман алдағы мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық барысымен, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмысымен және байланыс орталықтарының қызметімен танысты. Мемлекеттік органдар мен аумақтық сайлау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, дауыс беру күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту мәселесіне назар аударылды.

Шымкент қаласында сайлауды өткізуге 365 сайлау учаскесі әзірленді. Сайлаушылар тізіміне қаланың 724 мыңнан астам тұрғыны енгізілген. Азаматтарды ақпараттандыру мақсатында 5 байланыс орталығы жұмыс істейді. Онда тұрғындар дауыс беруге қатысу тәртібін нақтылап, өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайы туралы ақпарат ала алады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1326911?lang=kk