«ХИМИЯЛЫҚ РЕГАТА – 2026»: БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!
2026 жылғы 10 қараша күні облыстық «Химиялық регата – 2026» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – химия пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, ғылыми ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын жетілдіру және қолдау.
Байқауда өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсеткен педагогтер жүлделі орындарға ие болды:
І орын
- Есенгалиева Жансая Сериковна – Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ.
ІІ орын
- Әйтенова Назерке Нұртайқызы – Бұлан МББК;
- Курмангалиева Жанна Башаровна – Бұлдырты ЖОББМ.
ІІІ орын
- Мұрат Әлемнұр Абзалқызы – Мектеп-лицейі;
- Жолдыбаева Гүлбақыт Жомартқызы – Ж. Досмұхамедов атындағы МББК.
Жүлделі орын иегерлері дипломдармен марапатталып, байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге қатысуға төрт педагогтен құралған «Формула» командасы жолдама алды.Байқауға қатысқан барлық педагогтерге белсенділіктері мен кәсіби ізденістері үшін алғыс білдіреміз!
«Формула» командасына облыстық кезеңде сәттілік, толағай табыс және жеңіс тілейміз! Химия әлеміндегі білім додасында аудан намысын абыроймен қорғаңыздар!
АӘК әдіскері М.Қапиз
«ХИМИЯЛЫҚ РЕГАТА – 2026»: БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1326901?lang=kk