Қазақстан Республикасының күніне орай «Қазақстан – туған елім, туған жерім» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік кештің құрметті қонақтары – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Өмірқұл Айниязов және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Арафат Исқақов болды.
Кеш барысында өнер иелері әсем әндерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді. Сонымен қатар округіміздің әжелер ансамблі де өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеді.
Ән мен жырға толы мерекелік кеш көпшілікке ерекше әсер сыйлап, туған жерге деген сүйіспеншілік пен елге деген мақтаныш сезімін арттырды.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!