5 қарашада «Балдырған» қосымша білім беру орталығының базасында Бірыңғай ұлттық тестілеуге (ҰБТ) дайындық мәселелеріне арналған диалог алаңы өтті. Басқосуға «Лидер Плюс» білім беру орталығының өкілдері, мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары қатысты.
Кездесу ақпараттық-тәжірибелік форматта ұйымдастырылды. Орталық өкілдері білім беру платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, жоспарланған пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Жобаның негізгі мақсаты — түлектердің ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру.
Қатысушылар 11-сынып оқушыларын жүйелі дайындау, білімдегі олқылықтарды анықтау, тестілеу нәтижелерін талдау және алдағы оқу жұмысының жеке стратегиясын айқындау мәселелерін талқылады.
Ынтымақтастық аясында ауданның барлық мектебінің 11-сынып оқушылары «Лидер Плюс» платформасында қашықтан форматта байқау онлайн-тестілеуінен өтті. Нәтижелер оқушылардың білімдегі олқылықтарды, қосымша пысықтауды қажет ететін тақырыптар мен бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл түлектермен мақсатты жұмыс жүргізуге негіз болады.