Ардагерлер күніне орай Полиция департаментінде ардагерлер мен қызметтегі полиция қызметкерлері арасында спорттық сайыстар өтті.
Қатысушылар волейбол, шахмат, үстел теннисі және гір көтеру бойынша өзара бақ сынады. Жарыс барысында тәжірибелі ардагерлер де шеберліктерін көрсетіп, бірқатар спорт түрінен жүлделі орындарға ие болды.
Іс-шараның мақсаты – аға буын мен жас қызметкерлер арасындағы сабақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ардагерлерге құрмет көрсету.
Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен қызметтік өнегесі – кейінгі буын үшін қашанда үлгі.