Жастарға жақсы жаңалық! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарын GPA 3,33-тен төмен емес оқу нәтижесімен аяқтаған түлектер оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады. Бұл мүмкіндік аудандық және ауылдық деңгейлердегі басшылық емес лауазымдарға қатысты. Бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Eqyzmet.gov.kz» порталында «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімін іске қосты. Енді түлектер бос орындарды порталдан тікелей көріп, өтінім бере алады. Сілтеме: https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacancies Маркакөл ауданының жастарын аталған мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз! Дипломыңыздағы GPA 3,33 және одан жоғары болса, конкурссыз мемлекеттік қызметке келуге бір қадам қалды. Толық ақпаратты Маркакөл ауданы әкімі аппаратының кадр қызметінен білуге болады.
GPA 3,33-тен төмен емес түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-markakol/press/news/details/1325659?lang=kk