АСТАНАНЫҢ СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

АСТАНАНЫҢ СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Бүгінде Астана қаласында 800-ден астам спорт нысаны бар. Оның ішінде 36 ірі спорт кешені жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі 50,3%-ды құрайды.

Елордада спорт алаңдарын салу жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы қаланың 60 ауласында жаңа футбол, жаттығу және стритворкаут алаңдары пайдалануға берілді. Атап айтқанда, мұндай алаңдар «Нұра», «Алматы» және «Есіл» аудандарында салынды.

Спорт инфрақұрылымы жеке инвестициялар есебінен де дамып келеді. Қалада AlphaGym, Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, Ozen Fitness және Sana Sport сияқты заманауи спорт нысандары ашылды.

Инклюзивті спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы елордада мүгедектігі бар адамдарға арналған Инклюзивті спорт орталығы ашылды.

2026 жылдың ақпан айында Орталық саябақта бір мезетте 300 адамды қабылдай алатын жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді.

Ірі жобалардың бірі – 3 600 көрерменге арналған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысы. Стадион УЕФА-ның екінші санат талаптарына сәйкес келеді және жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған.

Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1324689?lang=kk