«Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта Тәуелсіздік (Әл-Фараби) даңғылын салу» жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 5–30 қарашасы аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Аталған учаскеде жоба аясында жол төсемін салу жұмыстарын қоса алғанда, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала ішіндегі қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.