Стратегиялық объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жәй күйі зерделенді

Стратегиялық объектілердің терроризмге қарсы қорғалу  жәй күйі зерделенді

ҰҚК Қызылорда облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен терроризмге қарсы комиссия мүшелерімен бірге облыс аумағында орналаасқан стратегиялық маңызы бар объектілерде зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу жүргізу барысында жылу энергетикасы, мұнай-газ саласы, су жүйесі және материалдық резерв объектілеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыстың негізгі мақсаты стратегиялық маңызы бар объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін бағалау және бақыла, осал тұстарын анықтау, терроризм актілерінің алдын алу, сондай-ақ объектілердің басшылары мен қызметкерлеріне терроризм қатерлерінің алдын алу, күдікті жағдайлар мен қауіп белгілеріне уақытылы ден қою мәселелері бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу қорытындысы бойынша мәселелер талқыланып, тиісті ұсынымдар беріліп, қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі түсіндірілді.

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1324397?lang=kk