Астана қаласының 24 жастағы тұрғыныазаматтарға қысқа мерзімде мол табыс табуға жәнесалған қаражатын еселеп қайтаруға уәде беріп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті әлеуметтік желілерде инвестиция салу арқылы тез әрі мол табыс табуға болатыны туралыхабарландырулар жариялаған. Ол салынғанқаражатты екі еселеп қайтаруға уәде берген.
Аталған ұсынысқа Ақтөбе облысының бірнешетұрғыны да қызығушылық танытқан. Уәде етілгенпайдаға кенелеміз деген азаматтар күдіктіге ақшааударған. Жалпы еліміздің әр өңірінен 28 адамоның алаяқтық әрекетінің құрбаны болған.
Алғашында әйел салымшыларға уәде етілгенпайыздық төлемдерді жасап, олардың сенімінекірген. Алайда азаматтар ірі көлемде ақша сала бастаған кезде төлемдер тоқтатылған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысындаполиция қызметкерлері күдіктінің жеке басынанықтады. Астана қаласының 24 жастағы тұрғыныұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгітергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргіуақытта оқиғаның барлық мән-жайы, келтірілгензалал көлемі және күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғыанықталуда.
Ақтөбе облысының Полиция департаментіазаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәндіинвестициялық ұсыныстарға сенбеуге шақырады.
Әсіресе қысқа мерзімде жоғары табыс табуғанемесе салынған қаражатты еселеп қайтаруғакепілдік беретін ұсыныстардан сақ болыңыздар.
Ақша аудармас бұрын инвестициялық жобаныңзаңдылығын, ұйымдастырушылардың сенімділігінжәне қаражат салу шарттарын мұқияттексеріңіздер.
Естеріңізде болсын: қысқа мерзімде мол пайдатабуға кепілдік беру — алаяқтар жиі қолданатынтәсілдердің бірі. Бейтаныс адамдарға ақшааудармаңыздар және әлеуметтік желілердегікүмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар.