Департамент бастығы чемпионды құттықтады

Департамент бастығы чемпионды құттықтады

NAIZA 86 турнирінде Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Сағындықов Сайран Сұнғатұлы чемпиондық белбеуді жеңіп алды! 🥇

Бүгін департамент бастығы, полковник Еркін Отарғалымұлы чемпионды жаттықтырушыларымен бірге арнайы қабылдап, айтулы жеңісімен құттықтады.

Сайран Сұнғатұлына алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Жеңісің құтты болсын, чемпион! 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-abay/press/news/details/1324370?lang=kk