Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жайлы маңызды ақпарат.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жайлы маңызды ақпарат.

1. Камералдық бақылау салық төлеушіге бармай-ақ жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары салық есептілігіндегі деректерді, мемлекеттік органдардың мәліметтерін және басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырады.

2. Камералдық бақылау салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Бұл ретте камералдық бақылау тиісті салық кезеңі бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүргізілуі мүмкін.

3. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.

Бұл салықтық тексеру жүргізілмей-ақ салық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

4. Хабарламаны ішінара орындауға болады.

Егер салық төлеуші анықталған алшақтықтардың бір бөлігімен ғана келіссе, ол сол бөлігіндегі бұзушылықтарды жойып, қалған бөлігі бойынша түсініктеме ұсынуға құқылы.

5. Хабарламаны орындау мерзімі қандай?

Хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

6. Хабарлама орындалмаған жағдайда не болады?

Салық төлеушінің санатына қарай мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:
- банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру;
- Қазақстан Республикасында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-платформасына қол жеткізуді шектеу.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1324357?lang=kk