Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы қағидаларын бұзған BMW маркалы автокөліктер анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша барлық автокөлік жүргізушілеріне қатысты жол жүрісі қағидаларын бұзып, авариялық жағдай туғызу дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Нәтижесінде 9 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жолда қауіпсіздік талаптарын орындауға және өзге де қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.
Шымкентте жол қозғалысы ережесін бұзған 9 автокөлік айыптұраққа қойылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1324356?lang=kk