Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жедел көмек көрсету және салық және кеден мәселелері бойынша түсініктемелер беру мақсатында әзірлеген ресми @SalyqBot Telegram-ботының мүмкіндіктері туралы хабарлайды.
Сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және бірқатар пайдалы құралдар мен қызметтерді біріктіреді:
· Консультациялық қолдау және көмек: жеке тұлғаларға салық салу, шоттарды бұғаттан шығару, банкроттық рәсімі мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ кеден мәселелері бойынша жедел консультация жүргізу.
· Зияткерлік технологиялар: заманауи Salyq ИИ 2026 көмекшісіне қол жеткізу.
· Операторлармен өзара іс-қимыл: операторға сұрақ жолдау, бейнеқоңырау арқылы байланысу немесе сауалнамаға қатысу мүмкіндігі.
· Электрондық құралдар: салық күнтізбесі, түрлі калькуляторлар және электрондық сервистер.
· Ақпараттық материалдар: танымал сұрақтар базасы (ТОП), онлайн-анықтамалықтар және оқыту бейнематериалдары.
Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдалану үшін Telegram желісінде @SalyqBot логині бойынша өту немесе тікелей https://t.me/salyqbot сілтемесін пайдалану қажет.