ЖАСТАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

ЖАСТАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін жастар Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен қауіпсіздік бағытындағы оқу-жаттығу жұмыстарымен танысты.

Іс-шара барысында жер сілкінісі кезінде орындалуы тиіс іс-қимылдар, қауіпсіз жерге эвакуациялану тәртібі және төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдау жолдары көрсетілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрттің алдын алу шаралары мен өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі жөнінде ақпарат берілді.

Мамандар жастарға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу қажеттігін атап өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың төтенше жағдайлар кезіндегі сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өмір мен денсаулықты қорғауға бағытталған білімдерін жетілдіру.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1324350?lang=kk