Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Іс-шара аясында Департаменттер мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарының мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және жол бермеуге, сондай-ақ қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді.

Талдау мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру және бақылау қызметін жүзеге асыру, кадрларды басқару, мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау мәселелерін қамтыды.

Елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері рұқсат беру қызметінде, сондай-ақ бақылау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу бағыттарында анықталды.

Талдау қорытындысы бойынша берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың сапасын арттыру, рұқсат беру рәсімдерінің сақталуын бақылауды күшейту, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету және қабылданатын шешімдердің негізділігін арттыру бойынша басым шаралар айқындалды.

Департаменттер басшылығына анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жауапты орындаушыларды, орындау мерзімдерін және күтілетін нәтижелерді нақтылау тапсырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай туғызатын факторларды жою, лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі жұмыс көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ете отырып, жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1324345?lang=kk