Қазақстанда ерікті қоныс аудару тетігі жұмыс істейді. Ол азаматтарға кәсіби дағдылары сұранысқа ие және жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар өңірлерге көшуге көмектеседі.

Қоныс аудару үшін елдің сегіз өңірі айқындалған. Мұнда жұмыскерлерге қажеттілік және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар.

Бағдарламаға еңбекке қабілетті азаматтар, оның ішінде жұмыссыздар, қандастар қатыса алады. 2027 жылдан бастап бағдарлама сұранысқа ие мамандар мен шаруа және фермер қожалықтарының басшыларына да қолжетімді болады.

Мемлекет көшуге, тұрғын үйді жалға алуға және жаңа жерде орналасуға көмектеседі. Тұрғын үй сатып алуға қолдау, сондай-ақ қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерге көмек қарастырылған. Бұдан бөлек, қоныс аударушылар кәсіптік оқудан өтіп, жұмыс таба алады немесе өз ісін дамытуға қолдау ала алады.

Жергілікті атқарушы органдар жаңа өңірде жұмысқа орналасуға және тұрмысты жайғастыруға көмектеседі. Мансап орталықтары азаматтарға кеңес береді, бос жұмыс орындарын іріктейді және бағдарламаға қатысу шарттары туралы айтып береді.

Толық ақпарат алу және лайықты бос жұмыс орнын таңдау үшін тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығына немесе Еңбек ұтқырлығы орталығына жүгініңіз. Ақпарат сондай-ақ migration.enbek.kz порталында қолжетімді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1324280?lang=kk