«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ»

«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ»

Қалалық ортаны жақсарту және Шахтинск қаласының инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырудамыз.

Жолдарды жөндеу, тротуарлар мен балалар ойын алаңдарын абаттандыру, көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңарту, спорт инфрақұрылымын дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғын үй құрылысы – жұмысымыздың негізгі бағыттары.

Қала тазалығы мен тәртібіне, жайлы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлеміз.

Біздің мақсатымыз – Шахтинск қаласын заманауи, көрікті және әрбір тұрғын үшін жайлы әрі қолайлы мекенге айналдыру!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhkh-shahtinsk/press/news/details/1324275?lang=kk