Ауылдық округтердің дамуы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралды

Ауылдық округтердің дамуы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралды

Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы Жасұлан Сәдуақасовтың төрағалығымен өтті. Отырыс барысында ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты бес мәселе қаралды.

Отырыс жұмысына ауылдық округтердің әкімдері Ж. Ибраев, Е. Уразалимов, Б. Бозтаев және Б. Жанайдаров, «Атамұра» мәдениет орталығының директоры Н. Төлеубаева, № 1, 2, 3 емханалардың бас дәрігерлері К. Нысанбеков пен М. Оханов, аталған ауылдық округтердің аумағында орналасқан мектеп директорлары, сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - Қоянды, Теміржол, Екібастұз ауылдық округтері мен Ә. Марғұлан атындағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы болды. Талқылау барысында аталған аумақтардың даму бағыттары, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы «Екібастұз қаласында пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 263/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы қаралып, Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған өзгерістерді қолдады.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің және Солнечный поселкесі әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы мәселелер қаралды.

Талқылау барысында мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру және көрсету сапасына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі жұмысына назар аударылды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарын білдірді.

Қоғамдық кеңес жергілікті маңызы бар мәселелерді қарау, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты дамыту және мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу жұмыстарын жалғастыратын болады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1324273?lang=kk